ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАСЫ

ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАСЫ

Атырауда жаяу жүргіншілерге арналған бес жерүсті өткелінің құрылысын бастау үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда мердігер ретінде «АтырауИнжСтрой» ЖШС анықталды.

Бес жерүсті өткелі құрылысының жалпы құны шамамен 740 миллион теңгені құрайды, қалалық әкімдік құрылысқа қаражатты бөліп қойды. Жыл соңына дейін қаладағы бес жерүсті өткелінің бәрінің құрылысын аяқтау жоспарланып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, жерүсті өткелдерін Баймұханов көшесі (аудандық теміржол вокзалы), Махамбет көшесі («Светлана» аялдамасы), Азаттық даңғылы, (Салық комитетінің аумағы), Сәтпаев даңғылы (Музыка академиясының маңы) және Сәтбаев пен Тайманов даңғылдарының қиылысында салмақшы.

Тимур КАЗИЕВ, http://pricom.kz/

Фото: gorod24.online

Пікір үстеу

Your email address will not be published.