Атырау облыстық қоғамдық штабының өкілдері, «Аманат» партиясынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары М.Әбуов, А.Семгалиев, Ж.Әбілқарес, Г. Сағындықов, А. Мақсотұлы 2 қарашада «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді.
Депутаттар, президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: Барлығы және әрқайсысы үшін. Қазір және мәңгі», сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.
Кездесуде сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген бизнестегі бюрократиялық қысымды төмендету шаралары талқыланды.
Бүгінгі таңда қазақстандықтар әділ Қазақстан құру мақсатына топтасуы керек!