Өрліктегі 24 көшенің 19-ына асфальт төселген. Ұзындығы 10,8 шақырымды құрайтын автокөлік жолының ені 3,5 метрден 6 метрге дейін жетеді. Ал жаяу жүргінші жолдарының ұзындығы 19,7 шақырымды құрайды.
Бүгінгі таңда жол белгілері мен жол төсемінің тұрақтылығын арттыратын жол жиектерін орнату жұмыстары жүргізілуде.
Жол құрылысына 24 жұмысшы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған.
Тапсырыс берушімен жасалған келісімшарт негізінде жоба 2023 жылы аяқталуы тиіс.