Бұл жұмыс биылғы құрылыс маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі.
Екі жолақты жолдың ені жоба бойынша 6 метр, жолдың бір жақ қапталында ені бір метр болатын жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.
Құрылыс барысында асфальт жабындысының төзімділігін жақсарту үшін сапалы геотор пайдаланылуда.
Жол салу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр, бүгінгі күні 4000 желілік метр ірі түйіршікті асфальт төселген.
Жобаны жүзеге асыру барысында 84 адам жұмыспен қамтылды.