Бүгінгі таңда жоба бойынша жоспарланған 22 көшенің 18-де құрылыс жұмыстары аяқталған.
Ауылға салынатын автокөлік жолдарының ені 4,5 метрден бастап 6 метрге дейін болса, жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Жобалау құжаттарына сәйкес 7 көшедегі автокөлік жолдарының бір жиегіне жаяу жүргінші жолдары қаралған, олар төсемтастардан жасалады.
Сондай-ақ, жаңа көшелер жарықтандыруға қажетті 50 тірек бағаналарымен қамтамасыз етіледі.
Асфальт төсеу жұмыстары аяқталысымен ауылға 2 аялдамалық павильон орнату жоспарланған.