АИС үшін тым үлкен, тым кішкентай, тым қарапайым немесе тым күрделі жұмыс деген түсінік жоқ.
Тәжірибе, дағдылар, кадрлар ресурсы және материалды- техникалық база бізге кез келген көлемдегі және күрделі жобаларды орындауға мүмкіндік береді.
1999 жылдан бері біз жасаған жүздеген жобалар біздің мүмкіндіктерімізді паш етеді. Бөгеттерден жолдарға шейін және жылу жүйелерінен көпірлерге дейін — біз осының бәрін салдық. АИС компаниясы жобаның ауқымына қарамастан, үнемі сапа мен қауіпсіздікке ерекше көңіл бөле отырып, ең заманауи және үнемді әдісті қолдана отырып, тапсырыс берушіге ең тамаша нәтиже көрсету үшін жұмыс жасайды.

B2G

Business to Government

Біздің бұрынғы тұрақты тапсырыс берушілеріміз — олар: Атырау облысының жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары Басқармасы, Атырау облысы Құрылыс Басқармасы, Атырау қаласы Құрылыс бөлімі, Атырау қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі және облыстық, қалалық және аудандық әкімшіліктердің басқа да бөлімшелері. АИС компаниясы мемлекеттік тапсырыс берушілермен ынтымақтастық аясында, аймақ тұрғындарының тіршілік ету ортасын және инфрақұрылым сапасын жақсы жағына айтарлықтай өзгерткен жүздеген жобаларды жүзеге асырды.

B2B

Business to Business

АИС мынадай компаниялармен серіктестікте жұмыс жасады, «НКОК» Солтүстік Каспий жобасы, «Тодини Коструциони Дженерали С.п.А.» ААҚ, «КСС Инжиниринг&Констракшн Ко ЛТД» АҚ, «Сапа Терминал Логистикс» ЖШС, «Бонатти С.п.А.» Қазахстан филиалы, «Теміржол Құрылыс Атырау» ЖШС, «НХК Алматықұрылыс-Қашаған» ЖШС,«Ренко-Кат» ЖШС, «ЮСКО Интернешнл» ЖШС, «Казавтожол» Ұлттық компаниясы АҚ, «Атырау жылу жүйелері» ЖШС, «Қазахтелеком» АҚ, «КаспийСтройЛимитед» ЖШС, «Атырау Жарық» АҚ, «Банка Каспийский» Атырау филиалы және т.б.