Биылғы құрылыс маусымында тапсырыс беруші бөлген қаржы көлеміне сай Баймұханов көшесінен бастап Исмағұлов көшесіне дейінгі аралықтағы 800 метр аумақ жөнделеді.
Құрылыс жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтау көзделген.
Құрылыс жұмыстарының ұзақтығына ең алдымен ескі жер асты желілерін алмастыру және жаңарту жұмыстары әсер етуде. Монополист мекемелер аталған аумақта орналасқан ірі құбырлар мен желілерді алмастыруды жосарлап отыр.
Қайта құрылымдау жұмыстарынан соң 4 жолақты жолдың ені 14 метрді құрайды; жобада төсемтастармен өрнектелген жаяу жүргінші жолы; аялдама павильондары қарастырылған. Бекітілген ЖСҚ сәйкес 33 ағашты қайта отырғызып, жаңадан 165 тал егу көзделген.
Қазір жобаға 15 арнайы техника жұмылдырлып АИС компаниясының 30 жұмысшысы еңбек етуде.