Дәл үйлестірілген әрекеттер мен жедел қолдаудың арқасында бір тәулік ішінде қалаға бөгеттерді нығайту үшін 45 мың қап Алматыдан жеткізе алдық. «Атырауинжстрой» компаниясы атынан Азаматтық Авиация Комитеті төрағасы Салтанат Томпиева және Эйр Астана авиакомпаниясына көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз.
30 мың қап қалалық су тасқынына қарсы штабқа тапсырылды. Қалған қаптарды біздің компания жауап беретін учаскедегі – Көктем ықшам ауданында – бөгет тұрғызу жұмысқа пайдаланамыз.
АИС компаниясының баспасөз қызметі