Қалада танымал білім ордасы лайықты құрметке ие – мектептен мыңдаған дарынды, жоғары білімді ұрпақ түлеп ұшты.
Біздің түлектеріміздің 100%-ы жыл сайын жоғары оқу орындарына түседі, әдетте олар грант бойынша оқиды. Биыл үшеуі Канада университетіне, төртеуі Түркияға түсті, үшеуі Италия университеттерінің грантына ие болды, – дейді лицей директоры Салауат Сайлауов.
Жылдар өткен сайын лицейдің материалдық-техникалық базасы ескіріп, құрал-жабдықтар жаңартуды қажет етуде.
Білім ошағының басшылығы демеушілік көмек сұрап біздің компанияға жүгінді. Нәтижесінде биыл информатика сыныбы заманауи құралмен жабдықталып, лицей кітапханасы жаңартылды, акт залына жаңа лед экрандар орнатылды.
– Балаларымызға қолдау көрсетіп, көмектескен «Атырауинжстрой-АИС» серіктестігіне алғысымыз шексіз, – дейді С.Сайлауов.