ЖАҚЫН АРАДА КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫ ҮШІН ҒҰМАРОВ ЖӘНЕ УӘЛИХАНОВ КӨШЕЛЕРІНІҢ ЖОЛ ТЕЛІМДЕРІ АШЫЛАДЫ

Келесі аптаның басында Атырауда, қалпына келтіру жұмыстарына жабылып қалада көлік қозғалысын біршама қиындатқан, бірақ, Атырау қаласы үшін өте маңызды екі шағын келген автомобиль жолдары ашылады деп жоспарлануда.
Біріншісі — ол Авангард 4 ықшам ауданының қиылысынан Сәтпаев даңғылындағы эстакадаға дейін созылған Ғұмаров көшесі. Бұнда жолдарды жөндеп, жүріс жолағын 11 метрден 13,2 метрге дейін кеңейтіп, жиектастарды ауыстырды. Енді бұл жердің қозғалысы 4 жолақты болады. Эстакададан Сәтпаевқа дейінгі бұрылыстағы жол төсемдерін толығымен қалпына келтірді. Көлік жүруі 30 қыркүйектен бастап ашылады деп жоспарлануда, ал жаяу жүргіншілер өтетін жерлерде жұмыстар жалғаса бермек. Жолшылар жаяужолдарды асфальттап, су ағыны үшін, бұрын болмаған астаушалар орнатып және жарықтандыруды алмастырмақшы.

Осы жол теліміндегі супермаркет қасында және көшенің арғы бетінде — екі аялдама павильоны және сәйкесінше, қоғамдық көліктер үшін «қалташық» қарастырылған. Белорусь елінде жасалынған павильондарды қазан айында әкеледі. Көптеген автокөлік жүргізушілері — осыншама ауқымды жұмыс жасай отырып, жол салушылар, эстакаданың дәл өзіндегі жол төсемесін неге назардан тыс қалдырған — деп таңданады. Бұл олқылық жаңа көшелермен үйлесім таппай тұр. Мердігердің ақпараттық қызметі айтуынша — тапсырыс беруші «Атырауинжстрой» оны жұмыстар тізіміне қоспаған. Құрманғазы көшесін қалпына келтіру жұмыстары жөндеу маусымының соңына шейін жалғасады, бірақ, эстакададан Мәскеу көшесіне дейінгі жол телімдерін жол салушылар бір аптадан соң бітірмекші.

Екінші жол телімі — Махамбет көшесіндегі жанар май бекетінен «ЭмбіМұнайГаз» кеңсесі тұрған аудандағы Азаттық даңғылына дейінгі Уәлиханов көшесі. Оны да 9 метрден 11 метрге дейін кеңейтті, жаяужолдарға төсем тастар салып, жиектастарды ауыстырды, жарықтандырудың 18 бағанасын алмастырды. Бұл ауданда су ағынына арналған астаулар қарастырылмаған, үстіңгі жақ ылдилау жер болуы себепті су өзі ағып кетеді. ЭМГ кеңсесінен жағалауға дейінгі Уәлиханов көшесінің жалғасы ауа райы қолайлы болса салынып бітеді, және 15 қазанда көше жолдары ашылады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА, azh. kz. 

Автор фотосы

Пікір үстеу

Your email address will not be published.