ҚЫЗМЕТТІҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ
Құрылыс, күрделі жөндеу және барлық техникалық категориялар бойынша автомобиль жолдарын қалпына келтіру
Коммуналдық шаруашылық нысандарын тұрғызу
Көлік жол айрықтарын, эстакадаларды және басқа да көтергіш көліктік нысандар құрылысы
Көпірлер мен көпір өткелдерін салу, күрделі жөндеу және қалпына келтіру
Қала көшелері мен алаңдарды абаттандыру және қалпына келтіру
Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс ісінде инженерлік тораптарды салу
Жалпы құрылыс, монтаждау және жер қазу жұмыстары
Жол-құрылыс материалдарының өндірісі (асфальт қоспалары)
Жол құрылысы
Қазақстанның үкіметі жол көлік инфрақұрылымының дамуына қыруар қаржы бөліп отыр. Жыл сайын Елбасы өзінің Жолдауында елді мекендерді сапалы жолмен қамтамасыз ету мәселесін көтеріп отырады. Қажетті өндірістік және кадр ресурстарына ие біздің компания, бірнеше жылдар бойы, мемлекеттің, осы стратегиялық тапсырманы шешудегі серіктесі болып табылады.
Компанияның активінде аумақта жүзеге асырылған жүздеген ірі жобалар мен пайдаланылуға берілген жүздеген автомобиль жолдары. Атырау қаласында салынған барлық жолдардың 90 % және аудандық, облыстық, республикалық маңызы бар жолдардың айтарлықтай бөлігі «Атырауинжстрой» ЖШС үлесіне жатады. 1999 жылдан бері компания жыл сайын қалалық және ауылдық жерлердегі автомобиль жолдары мен жаяужолдарға күрделі жөндеу мен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп отырады.
КӨПІРЛЕР
Бұл нысандардың қызметі, аспалы көпірдің екі бетіндегі елді мекендер арасында қатынайтын көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету болып табылады. «Атырауинжстрой» компаниялар тобының жұмыс практикасында теміржол қатынас жолдары арқылы жаяу жүргінші жолдарын салу, Жайық жағалауларын байланыстыратын күрделі көпірлер салу тәжірибесі бар.
ЖОЛ АЙЫРЫҚТАРЫ
Көлік айырықтарын салу, қазіргі заманғы қалалардың ең басты мәселесі — автомобиль кептелістерін шешу үшін қажет. Атырау көшелеріндегі кептелісті болдырмау ісіне «Атырауинжстрой» компаниясы өз үлесін қосуда. Біздің, қалалық нысандар Амандосов-Берғалиев, Владимирский – Құрмангазы және Атырау қаласындағы айналма жолда жол айырықтары құрылысын салуда тәжірибеміз бар. 2018 жылы біз қаланың магистралді көшелерін кеңейттік және кептеліс ең көп болатын- Тайманов, Баймұханов, Владимирский көшелерінде «ақылды» жол айырықтарын салдық. Жобаға тапсырыс берушінің, қалалық әкімшіліктің — оң жақ съездерді (бұрылыстарды) салу идеясы бізбен жүзеге асып — аталған көше қиылыстарындағы көлік қозғалысы айтарлықтай ретке келді.
Одан басқа, біз, Атырау — Орал және Астрахань — Ақтөбе магистральдарының жол торабында магистральді көлік жол айырықтарын салдық.
Қалалық инфрақұрылым
Компания жыл сайын Атырауда және облыс орталықтарында қалалық ортаны жақсарту бойынша жобалар жасап отыр. АИС қала билігі енгізіп отырған «ақылды қала» тұжырымдамасын белсенді түрде қолдайды. Smart City құндылықтары—адам және оның қажеттіліктері бізге жақын. Ақылды қаланың негізгі сипаты— жайлылық, қауіпсіздік, тиімділік және экологиялық тазалық. Осы сипаттамалар, біздің де заманауи қалалық орта және өмір сапасы туралы ойымызға сай келеді. Біздер қала және облыс билігінің тапсырысы бойынша абаттандыру бойынша жүздеген жобалар жасадық.