Елде қалыптасқан құрылыс материалдары мен битумның тапшылығына қарамастан «Атырауинжстрой» компаниясы бекітілген жұмыс көлемін мерзімінде аяқтады.
Ауа райының қолайлылығын ескере отырып жол ойықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары күзде жалғасты. А Құнанбаев, Берғалиев, Құттығай батыр, айналма жол мен Қабдолов көшелеріндегі шұңқырлар қалыпқа келтіріліп, жол қозғалысы қатысушыларының арасында апаттың алдын алуға бағытталған жұмыс жоспарлы атқарылды.