Атырауда жолдағы ағымдағы жөндеу жұмыстары 44 мың шаршы метр аумақта жүргізілді

Атырауда жолдағы ағымдағы жөндеу жұмыстары 44 мың шаршы метр аумақта жүргізілді

Елде қалыптасқан құрылыс материалдары мен битумның тапшылығына қарамастан «Атырауинжстрой» компаниясы бекітілген жұмыс көлемін мерзімінде аяқтады.

Ауа райының қолайлылығын ескере отырып жол ойықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары күзде жалғасты. А Құнанбаев, Берғалиев, Құттығай батыр, айналма жол мен Қабдолов көшелеріндегі шұңқырлар қалыпқа келтіріліп, жол қозғалысы қатысушыларының арасында апаттың алдын алуға бағытталған жұмыс жоспарлы атқарылды.