Еуразиялық даму банкі Атырау-Астрахань тас жолын қалпына келтіру жұмыстарына қарыз беруге келісті.
Бұған дейін — автокөлік жолдарын басқаратын ұлттық оператор— «ҚазАвтоЖол» АҚ, Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 217 (616-833 шақырымдар) шақырымын қалпына келтіру үшін 260 миллион доллар сұрап банкке хабарласқандығы туралы банк сайтына хабарландыру шыққандығын айтқан болатынбыз.
Енді, міне, келісімге келіп, қолдар қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» – АҚ Атырау филиалының директоры Серік КЕРІМҚҰЛОВ хабарлады.
4 мердігер анықталды: италиялық «Тоdini», түріктің «Ант Иншаат» және осы жолдың 60 шақырымын салуды бастаған «Сине Мидас Строй» (Түркия) және «АтырауИнжСтрой»
Жыл соңына шейін ЕДБ 15% көлемінде алғытөлем беруі қажет, одан соң мердігерлер дайындықты бастайды, ал келесі жылы негізгі жұмыстар басталады. Қалпына келтіру жұмыстары 2022 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр — деді Керімқұлов.
Керімқұлов нақты қарыз сомасын атамады, бірақ, онын сөзі бойынша, «бұл бастапқы сұраған сомадан әлдеқайда аз». Қалған қаржы істелген жұмыстар бойынша ай сайын бөлініп отыратын болады.
Атап өту керек, Қазақстанда «Тоdini» 2006 жылдан бері жұмыс істеуде және Астана-Бурабай, Алматы-Қапшағай, Алматы-Хоргос, Нұр-Сұлтан-Алматы тас жолдарын салды.
«Ант Иншаат» қазақстандық «Акжол» компаниясымен бірлесіп жақында Доссор ауылындағы Ақтөбе-Мақат (17 шақырым) жолдарын қалпына келтіру жұмыстарын аяқтады.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА, azh. kz.