«Атырауинжстрой» компаниясы — 1995 жылы кеңес заманындағы «Алмаатаспецстрой»тресі базасында құрылған «Алматыинжстрой» акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорыны. Бұл салаға 1963 жылы келген Бронислав Шин аты аңызға айналған тресті сақтап қалды, одан кейін Қазақстанның құрылыс секторын алдыңғы қатарға шығарды, қазіргі күнге дейін жекелеген ірі жобаларды басқарып отыр. Оның тәжірибесінің, энергиясының, стратегиялық жоспарлаудағы іскерлік алғырлығы мен дағдыларының арқасында «Алматыинжстрой» холдингі көп жылдар бойы Forbes Kazakhstan іскерлік журналының «ҚР- ның үздік – 50 ірі жеке компаниялары» рейтингінде тұр. 2018 жылы желтоқсан айында компанияның түсімі 47,47 млрд теңгені құрады.
ШИН БРОНИСЛАВ СЕРГЕЕВИЧ
«Алматыинжстрой» АҚ — ның директорлар кеңесінің Төрағасы, құрылтайшысы.
«Құрмет», «Парасат», ордендерінің кавалері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, Гончаров Л.Б. атындағы Қазақ автомобиль-жол Академиясының құрметті профессоры, Корея Республикасының мемлекеттік қоғамдық өмірін дамытуға қосқан үлкен үлесі үшін Президент Пак Кын Хе «Ұлт алдындағы қызметі үшін» мемлекеттік ұлттық орденімен мараппатады.
– Қиын қыстау 1997-98 жылдары біз құрылыс мердігерлерін іздеп Астанаға келдік, астаналық кеңсені мен өзім басқардым. Біз Есіл өзенінің жағалауын абаттандыруға тапсырыс алдық, соның ішінде, жұмыс сапасын Президент әкімшілігі де бағалады, 1999 жылы біз Атырауда да өкілдік ашу туралы шешім қабылдадық, сонымен қатар ҚР Президентінің бірінші кеңесшісі Тасмағанбетов Иманғали Нұрғалиұлы Атырау облысының әкімі болып сайланды, осының бәрі бір-бірімен тұстас келді. Біздің компания ол кісіге Астанадағы пікірлер бойынша таныс еді және де біз осы жерден жұмыс ала алдық. Ол бізге қатал, жұмысты талап ететін, жұмыс істеу қабілеттілігі зор басқарушы ретінде таныс. Оның басшылығы кезінде біз тәулік бойы жұмыс жасадық — бұл жер жыртылмаған жазық дала еді, жиналыстарды, жоспарламаларды құрылыс нысандарының өзінде жүргіздік. Бізде техника да, материалдық техникалық база да, кеңсе де болған жоқ, бәрін жалға алдық. Бізбен бірге батысқа тағы бір алматылық компания „Real way“ ЖШС келді. Барлық техниканы біз олардан жалға алдық, ал олар барлық техниканы тапсырыс берушіден айырбас арқылы алды, ол техникалар Алматының ұшу алаңының құрылысы үшін сатып алынған, бірақ, жұмыстар тоқтатылды, қаржы болмады, мемлекет компанияға жол-құрылыс техникасын беру арқылы есеп айырысты. Сондай кезең болды. Асфальт зауыттарын біз „Тасжол“ ЖШС-нен жалға алдық, олардың кеңес үкіметі кезіндегі 80-ші жылдары сатып алған, асфальт шығаратын үш зауыты Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін 15 жыл тұрып қалды, ол қаржының жоқтығы, жұмыссыздық… Олар ешқашан іске қосылмаған, бірақ ескіріп қалған, тым болмаса жөндеу жұмыстары да жүргізілмеген. Зауыттарды өзіміз монтаждауға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге, күйіне келтіруге және содан кейін барып зауыт иелерінен жалға алуымызға тура келді. Әрине, өнімділігі төмен болды — сағатына 20-30 тонна, ол деген 2 машина. Бүгінгі күні біздің атыраулық зауыттарымыз сағатына 450 тонна асфальтбетон шығарады. 1999 жылы біз Атырауда миллиардты әзер игердік, екі онжылдықтан соң құрылыс монтаждау жұмыстарының көлемі 30 миллиардқа жуықты құрады.
Анықтама: 2017 ж. — 29,7, 2018 — 22,5 миллиард теңге
ОРАЗБАЕВ СЕРІК ЕСЕРКЕПҰЛЫ
«Алматыинжстрой» АҚ — ның директорлар кеңесінің мүшесі, құрылтайшысы.
«Атырауинжстрой» ЖШС-нің бизнес жөніндегі кеңесшісі, Оразбаевтың Қазақстан Республикасында капиталды құрылыс ісінің дамуына қосқан үлесі үкімет деңгейінде аталып өтті, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің кавалері, Қазақстанның құрметті құрылысшысы.
– 20 жыл бұрын, жалпы елде экономикалық жағдай өте ауыр болды. Менің басшым және жақын досым Шин Бронислав Сергеевич Кеңес үкіметінің ыдырауынан кейінгі ауыр жағдайға қарамастан «Алмаатаспецстрой» базасында құрылған «Алматыинжстрой» – ірі құрылыс трестін сақтап қалды, команда құрып, қатаң жұмыссыздық жағдайында үлкен кәсіпқой мамандарды жұмыспен қамтамасыз етті, бірақ, нарықтық экономика енді қалыптасып келе жатқан уақытта экономикалық жағдай тек нашарлай берді. Тапсырыстар болмады, ақша да жоқ, миллиондаған қарыз, ескірген техника… Акционерлік Қоғамның қаңтар айындағы бір жиналысында елдің батысында өкілдік ашу туралы идея пайда болды. Біз, егер де Қазақстанның экономикасы көтерілсе, тек, мұнай өндірудің арқасында ғана ол аяққа тұра бастайды деп болжадық. Бір айдан соң, толықтай құлдырау қауіпі төніп тұрған ең қиын шақта, біз, компанияны тығырықтан алып шығу үшін елдің батысына жол тарттық. Мамыр айында Акционерлік Қоғамның жаңа бөлімшесі- «Атырауинжстрой»тіркелді, оны мен басқардым, ал маған қол ұшын беруге «Алматыинжстрой» АҚ-ның басшысы Бронислав Сергеевичтің өзі келді.
Сол жылы мұнай бағасы баррелге шаққанда 11 ден 26 долларға дейін өсті, ал доллар бағамы 85 тен 138 теңгеге өсті. Көшелері, аяқ алып жүргісіз батпақтан арылмайтын, ұйқыда жатқан шет аймақтық қалаға қыруар мұнай қаржысы келді, қалада жолдар салына бастады. Дәлірек айтсақ, «Атырауинжстрой» ЖШС Атырау қаласы үшін жолдар сала бастады, одан кейін жалпы Атырау облысы бойынша жолдар сала бастады. Көп жылдар өткен соң бір үлкен жиналыста жергілікті әкімшіліктің басшысы: «Атырауинжстрой» компаниясы Атырауда сапалы жолдар салуға болмайды деген дақпыртты жоққа шығарды! -деп мойындаған болатын.