Биыл ұзындығы 11,7 шақырымды құрайтын 34 көшеге асфальт төселді.
Жоба аясында инженерлік коммуникация желілеріне қатысты кешенді жұмыс жасалды: газбен қамту жүйесінің 140 құбыры жол төсемдерінің астына көшірілсе, 72 су құбыры мен кәріз желілері қиылыстарына қатысты да жер асты жұмыстары атқарылды.
Қазіргі уақытта ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын аумақта автокөлік жолының қиыршық тас-құм қоспасынан түзілген қабатын салу жұмыстары жалғасуда. Ауыл жолдарын жаңғыртуға 20 техника мен 30 жұмысшы күш салуда. Компания жол құрылысына жұмылдырған азаматтардың бірқатары жергілікті жұмыссыздар есебінен қызметке шақырылғандар.