Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Атырауинжстрой – АИС» ұжымында компания қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік шара өтті.

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Атырауинжстрой – АИС» ұжымында компания қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік шара өтті.

Іс-шара барысында қонақтардың көңілін көтеру үшін арнайы шақыртылған аниматорлар өнер көрсетіп, қызықты ойындар ойнатты. Балалар тәтті және ыссы тістемелерден дәм татып, мультфильм кейіпкерлерімен бірге естелікке суретке түсті.

Қызықты әсерге бөленген балалар өздерінің қиялындағы суреттерді асфальтқа таңбалап, естелік сыйлықтарын алып, жоғары көңіл күйде тарасты.