Бұл учаскедегі автожол бұрын көктемгі тасқын кезінде қатты зардап шеккен. Бұрын салынған су өткізу құбырлары судың қысымына төтеп бере алмай, 2023 жылы аудандық әкімдік Миялы ауылын су тасқынынан қорғау мақсатында жолды бұзып тастау туралы шешім қабылдаған.
Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін Атырау облысының әкімдігі толыққанды көпір салу туралы шешім қабылдады.
Біздің компания құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың шілде айында бастап, сол жылдың желтоқсанында-ақ көпір арқылы көлік қозғалысы ашылды. 2025 жылы көпірге апаратын кіреберіс жолдарды абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталды.
Жаңа көпірдің ұзындығы – 54 метр. Кіреберіс жолдарды қоса алғанда, автожол жабындысының жалпы ұзындығы – 580 метр. Қауіпсіздік пен ыңғайлылық үшін жол бойына қоршаулар орнатылып, жол белгілері сызылып, 21 жарық шамы орнатылды.
Енді бұл жол учаскесі тасқын суының бұзушы әсерінен толық қорғалған және Қарабауға қарай қозғалыс ашылды.