«Компания Атырау Әкімшілігінен алғашқы ең ірі тапсырысты 1999 жылы компанияның іргесі қаланған жылы алды. Ол жоба теміржол вокзалының басты қақпасынан қалаға шығатын жол – Нефтепроводников көшесі еді. Былтыр, 19 жылдан соң алғаш рет осы көшедегі жолға қалпына келтіру жұмыстары қажет етілді. Қазіргі күні ол жаңартылған Баймұханов көшесі. Бұл «АИС» ЖШС жүргізген жұмыс сапасының қаншалықты жақсы екенін көрсетеді.
Серік Оразбаев, «Атырауинжстрой» ЖШС-нің негізін қалаушы және ортақ иеленушісі, «Алматыинжстрой» АҚ- ның Директорлар Кеңесінің мүшесі.
«Атырауинжстрой» ЖШС 1999 жылы құрылды. Шындығында, біздің компания тәуелсіз Қазақстандағы Атырауда бірінші болып жолдар сала бастады. Біздің актив – ол 97 % астам салынған және жөндеу жұмыстары жүргізілген қаладағы барлық автомобиль жолдары. Біздің компания Атырау облысы мен Атырау қаласында жүздеген ірі қоғамдық маңызы бар жобаларды орындады және Еуразияның «мұнайлы астанасының» қалыптасуында маңызды роль атқарды. Біздің жолдар – орындау мерзімі бойынша да, және пайдалану сапасы бойынша да теңдессіз. Сапалы жол құрылысы қағидасы – компанияның негізі қаланған кезден бастап жолға қойылды. Бүгінгі күні «Атырауинжстрой» – ол, барлық қажетті – еңбек, техникалық және материалдық ресурстарға ие, кез келген жобаны табысқа жеткізетін компаниялар тобы.
БІЗДІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Атырау облысы нарығындағы 20 жыл ішінде біздер сенімді және мықты компания атағын алуға еңбегіміз сіңді. Біз өзіміздің негізгі құндылықтарымыз: команда, тұтастық, абырой қамы, іскерлік этикаға адал бола отырып, өз серіктестеріміздің сенімін ақтаймыз, алғаш құрылған күннен бастап АИС -тың пәлсапасы осы берік ұстанымдарға сүйенеді. Осы құндылықтар біз жасайтын барлық іске негіз болды. Бұл құндылықтар, біздің қандай компания екендігімізді көрсететін және бізді ең жақсы болуға ықпал ететін қозғаушы күш.
АДАМДАР
Біздің кәсіби командамыз болмаса, біздің компания өмір сүруін тоқтатады — бұл өте оңай. Неліктен біздер ең жақсыларды жұмысқа алатынымыздың себебі осында. Біздің қызметкерлер өз дағдылары мен тәжірибелерін дамыту арқылы біздің компаниядағы өздерінің орындарын нығайта түседі. Нәтижесінде:Компания мен команда—бәрі де олжалы.
ЖАУАПКЕРШІЛІК
Біз өзіміздің іскерлік қатынастарымызды және жеке істерімізді өзіміздің мүмкіндіктеріміз бен ресурстарымызға сәйкес жүргіземіз.
САПА
Жылдан жылға, жобадан жобаға біз өзіміздің деңгейімізді көтеріп келеміз. Өзіміздің технологияларымызды, жабдықтар мен материалдарымызды үнемі жетілдіру арқылы өзіміз жасайтын барлық істің кемеліне жетуге міндеттенеміз. Біз озық ойлы жаңа және инновациялық идеяларды ынталандырамыз.
СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАСҚАРУ
Біз өткен мұрамызды сақтай отырып және бүгінгі күнімізді дамыта отырып— ертеңгі болашақты жасаймыз. Біз жүздеген миллиард теңгеге жүздеген жобалар жасадық, бүгінгі күні өзекті жобалармен жұмыс істеудеміз және ертеңгі күнгі жобалар туралы келісім-шарттар жасастық.
БІЗДІҢ БАСЫМДЫЛЫҚ
Атырау облысының маңызды материалдық активтеріне иелік етуші үлкен холдинг
Тұрақты дамып жатқан Компания
Жұмыстардың орындалу сапасын үнемі жақсартуға деген ұмтылыс
Мемлекеттік құрылымдармен тиімді өзара әріптестік
Меншікті заманауи арнаулы техникалар паркі
Аса білікті мамандар командасын қалыптастыру
Өндірістік сұрақтарды шешудегі икемділік, жинақтылық
Клиенттер, тапсырыс берушілер, серіктестер үшін жайдарылық таныту
Ұжымның әлеуметтік қорғалуы
Бейінді тендерлер мен байқауларға белсенді ат салысу және жеңістер
Әлеуетті өндірістік база
Материалды-техникалық жарақтандыру
БІЗДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ АКТИВТЕР
ҚР Ұлттық аккредиттеу орталығымен аккредиттелген жол- құрылыс материалдарының заманауи зертханасы
Сазды жыныстарды және құм (топырақ) өндіретін карьерлер
Жол, жүккөтергіш, жерқазғыш арнаулы техникалар паркі және жүк автокөлігі
Инертті материалдар мен битум сақтауға арналған кірме жолдары мен қоймалары бар өндірістік база
Асфальтбетон шығаруға арналған стационарлы және екі мобильді зауыт, соңғы 3 жылда зауыттардың жалпы өнімділігі 1 миллион тонна асфальтбетонды құрады.
2 теміржол тұйығы, жүк ағынының көлемі күніне 150 вагонға дейін