Қала жолдарындағы 25 мың шаршы метр аумақ жөнделді

Қала жолдарындағы 25 мың шаршы метр аумақ жөнделді

«Атырауинжстрой» ЖШС облыс орталығындағы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтады. Компания келісімшерт бойынша 11 айға бекітілген қызмет ауқымын күзге жеткізбей аяқтады. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, ЖК АЖ бөлімі берген техникалық сипаттамада қала көшелеріндегі 25000 шаршы метр аумаққа ағымдағы жамау жұмыстары жүргізілуі тиіс болатын. Мердігер мекеме жұмысты 50 көшеде атқарды.

Жұмыс ауқымының жеделдетіліп жүргізілгеніне қарамастан әлеуметтік желілерде тұрғындар тарапынан әртүрлі сыни пікірлер де естіліп жатты. Біз халық арасында жиі кездесетін сұрақтарды топтастырып мамандардың пікірін ұсынып отырмыз. Толық ақпарат бейнематериалда.

P.S. Айта кету керек, ағымдағы жамау жұмыстары жол қозғалысы үшін аса қауіпті аймақтарды болдырмау, жол жабындысын реттеу мақсатында жүргізіледі. Ал қатты зақымдалған жол жабындылары мен үлкен ойықтар орташа және күрделі жөндеу жүргізуді қажет етуде.

Жолдарыңыз болсын!