2022 жылғы 5 мамырда «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС кеңсесінде «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС тең құрылтайшысы Серік Есеркепұлы Оразбаев пен компаниясының құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Владимир Иванович Пак кәсіпорын ұжымымен кездесті.
Кездесуге қатысты:
— Исмагулов Евгений Жумагалиевич – «Алматыинжстрой» АҚ атқарушы директоры;
— Абдығапаров Эрик Алмабекұлы- «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС Қапшағай қаласындағы филиалының директоры;
— Жұмағалиев Ербол Қалибекұлы – «Сарыарқа «Алматыинжстрой» АҚ Нұр-сұлтан қаласындағы филиалының директоры;
Кездесу «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС қызметкерлерінің акционерлік қоғам мен филиалдардың қонақтарымен іскерлік қарым-қатынас форматында өтті.
