2018 жылғы жол-құрылыс маусымы қызықты болды – өткен жылы, қаланың ірі көшелерін қайта қалпына келтіру және кеңейту бойынша күрделі жұмыстар бюджетпен бекітілді, бірақ маусымның соңына дейін қала маңында ауқымы жағынан кем түспейтін жұмыстар басталады.
Ол жақтарға жолдар қашан және қандай тәртіппен салынады, жолдардың салынуын қай жақта көптен күтуде, осылар туралы Ақ Жайыққа, Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ әңгімелеп берді.
– Жақында қалалық әкімшілік қала ішілік және ауылдық жолдарды асфальттауға конкурс өткізді. Олар нақты қай жолдар?
– 2018-2019 жылдар аралығында Атырау қаласында, 10 шағын аудандағы 226 көшеге жететін, жалпы ұзындығы 193,5 шақырым көлік жолдарын асфальттау жоспарланған, олар: Ақжар-2, Ақсай-2, Атырау-1, Жаңаталап-1, Еркінқала-2, Водниково-2 , Томарлы-2, Бірлік-2, Дамба-2, Тасқала-3.
– Мерзіміне қарағанда, тендерлер «ауыспалы» ма?
– Ия, шыныменде, жүргізілетін байқаулар аясында асфальттау нысандары өтпелі болып табылады, өйткені жобалық құжаттамаға сәйкес құрылыс мерзімі 6 айдан 8 айға дейін, ал кейбір лоттар үшін 19 айға дейін.
Аталған шағын аудандарды асфальттау жұмыстарының бір бөлігі қысқы кезеңге дейін жүргізіледі, қалған жұмыстардың аяқталуы 2019 жылға жоспарланған. Осы жағдайларды ескере отырып, жаңа ықшам аудандар мен қала арасындағы көлік қатынасы мәселесін шешу үшін, автомобиль жолдарының құрылысы, ең алдымен, қала көшелерін негізгі көшелермен байланыстырушы болып табылатын басымдықты көшелерде басталады. Бұл жобаларды жүзеге асырудың жалпы құны 31,1 млрд. теңгені құрайды.
– Осы жоба аясында ағымдағы бюджеттен қанша қаражат бөлінеді және 2018 жылдың соңына қарай, сәйкесінше, қандай көшелер мен аудандар жолмен қамтамасыз етіледі?
– Бұны қалалық мәслихаттың келесі отырысында шешеді. Әзірге 800 миллион теңге берілді. Қаражат бөлінуіне қарай, біз осы құрылыс маусымында Водниково және Ақжар ауылдарын тапсыруды жоспарлап отырмыз, олар толығымен асфальтталады. Сонымен қатар, мердігерге, жыл соңына дейін Атырау-1, Бірлік, Томарлы, Жанаталап ауылдарындағы басымдық берілген 5 көшені жолмен қамтамасыз ету міндеті жүктелді. Мұндай көшелердің тізімін ауыл әкімдері ұсынды.
Қанша уақыттан бері жекеменшік сектор жол күтіп жүргендігі құпия емес. Қала және қала маңындағы елді мекендер үшін ауқымды жобаның орындалуын күте отырып, біз әсер ете алмайтын тағы бір фактордың барын ескеру қажет.
Қазіргі уақытта лоттардың бір бөлігі дауда жатыр – компаниялардың бірі, атап айтқанда, «KAZPACO» ЖШС (BI group холдингіне кіреді – Ескерту АЖ) алдын-ала іріктеуден өтпеді, конкурстан шығарылды және тендерлік комиссияның іс әрекетіне шағым түсірді. Ол 3 лотқа таласты: Еркінқалдағы 1, 2 және 3-ші кезек, Бірліктегі – 2 және Томарлыдағы – 2 жол телімі, лоттың жалпы сомасы 12 миллиард теңгеден асады.
Компанияның шағымын уәкілетті орган – Атырау облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит комитеті қабылдамай тастады. Қазіргі кезде компания сотқа жүгінді.
– Егер сот талапты қарауына алса, жобаны орындау мерзімі өзгеруі мүмкін бе?
– Ешкім нақты айта алмайды, бірақ мұндай мүмкіндік бар. Біз тапсырыс беруші ретінде, мердігер ретінде жеңімпаз болған «Атырауинжстрой» компаниясымен барлық келісім-шарттарды жасастық.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА, azh. kz.