АТЫРАУДА ЖЕРҮСТІ ӨТПЕЛЕРІ САЛЫНАТЫН ЖЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

АТЫРАУДА ЖЕРҮСТІ ӨТПЕЛЕРІ САЛЫНАТЫН ЖЕРЛЕР АНЫҚТАЛДЫ

Хабарланып, жалпы әңгімеге айналып үлгерген, бес жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы, Атырау жолдарындағы көлік қозғалысын жеңілдетуі тиіс. Бізді қалалық құрылыс бөлімі, көптен күткен жоба осы жылдың көктемі мен жазында жүзеге асады деп сендірді.

Егер ұмытпасам, бұл жоба 2015 жылдан бері, тек қағаз жүзінде жүзеге асырылып келе жатқандығын айту керек. Қала билігі бұл жоба туралы жыл сайын жариялайды, және әрдайым бұл жобаны салудың қисыны келмей қалады. Біресе, мердігерді баға қанағаттандырмайды, біресе сметаға түзету енгізеді немесе қаражатта кідіріс болады. Бір сөзбен айтқанда, аулада 2019 жылдың көктемі, ал уәде етілген жерүсті жолдары әлі де жоқ.
Қалалық құрылыс бөлімі өндірістік-техникалық секторының маманы Бауыржан Ихсановтың айтуынша, биыл жол өтпелері дегенмен де салынатын болады. Шындығында, бүгінгі Б.Ихсановтың айтуынша, әңгіме, бес жерүсті жаяу жүргіншілер өткелін салу туралы емес, тек олардың екеуінің құрылысын салу туралы.
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында қала әкімі Алимухаммед Құттұмұратұлының төрағалығымен өткен жиында: Светлана ауданындағы Махамбет көшесі және, Мемлекеттік кірістер департаментінің (Салық комитеті) жанындағы Азаттық даңғылының бойындағы екі жерүсті өткелі құрылысын тоқтату туралы шешім қабылданды. Белгілі болғандай, өткелдер салу жоспарланған жер телімдері жеке меншікте екені белгілі болды. Осыдан кейін, әкімшілік бұрын қайда қараған деген сұрақ туындайды?

Сонымен қатар, ұзындығы 50 метр және биіктігі 5 метр болатын Сәтпаев және Тайманов даңғылдарының қиылысында салынуы жоспарланған тағы бір жерүсті өткелінің жобасы өзгеріске ұшырайды. Бір қызығы, 2017 жылы «Полиграм» ЖШС барлық 5 өткелдің жалпы құнын түзеткен болатын. Түзетуден кейін жобаның жалпы құны 740 миллион теңгені құрады. Енді міне, тағы түзету.

Осылайша, бірінші кезекте, екі жерүсті өткелінің құрылысы анықталды: олар, қаладағы адам ең көп шоғырланған аудандар ретінде Сәтпаев даңғылының бойы және Баймұханов көшесінде салынып бастаған нысанның жалғасы. Екі жерүсті жобасын әзірлеуші – «Акниет – БН» ЖШС. Олар тіреусіз, Ресейде арнайы тапсырыс берілген металл конструкциялардан салынады. Жерүсті өткелдерінің ұзындығы – 50 метр, биіктігі – 5 метр. «АтырауИнжСтрой» ЖШС жұмыстың мердігері болып анықталды.

Академия аялдамасы маңындағы Сәтпаев даңғылы бойындағы құрылыс алаңы өткен жылдан бері қоршаулы, ол жерде қазба және бетон жұмыстары жүргізілген. Теміржол вокзалы мен «Дина» базары маңындағы жол өтпесіне келер болсақ, ол 2015 жылдан бері салынып жатыр.

Б. Ихсановтың айтуы бойынша, жерүсті өткелдерінің құрылысы, тапсырыс берілген металл құрылымдар мердігерге қол жетімді болған кезде-ақ басталады. Ең оптимистік болжамдар бойынша, жерүсті өткелдерінің салыну мерзімін тек осылай ғана бағалай аламыз, бұл 2019 жылдың көктемінің ортасы және жаз айының басы.
Көз тимес үшін, сол иығымыздан түкіріп, ағашты үш рет ұрып қоялық!
Тек, тылсым жайт

Тимур КАЗИЕВ http://pricom.kz/

Пікір үстеу

Your email address will not be published.