ЖҰМЫСШЫЛАР «МҰНАЙШЫ» СТАДИОНЫНДА СОҢҒЫ ӘРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАСАУДА

ЖҰМЫСШЫЛАР «МҰНАЙШЫ» СТАДИОНЫНДА СОҢҒЫ ӘРЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖАСАУДА

Атырауда жергілікті «Атырау» – «Мұнайшы» стадионында ағымдағы жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Жуықта футбол алаңына жаңа үлгідегі жасанды көгал төсеу жұмыстары басталды. Жобаның бұл бөлігі, қолайлы ауа-райы жағдайында, алдағы екі аптада аяқталады деп жоспарлануда. Барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін футбол алаңы УЕФА стандарттарына сәйкес келетін болады. Оның өлшемдері 110/70 метр болады.
Естеріңізге сала кетейік, табиғи көгалдарды жасанды жабынмен ауыстыру осы жылдың наурыз айында басталған болатын. Бас демеушілік көмекті «ГАЗ құрылыс монтаж KZ» ЖШС көрсетті, техниканы «Атырауинжстрой» ЖШС ұсынды.

Қайрат САТАЕВ, http://pricom.kz/

Пікір үстеу

Your email address will not be published.