МАХАМБЕТТЕ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ЖАҢА КӨПІР АШЫЛДЫ

МАХАМБЕТТЕ ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ЖАҢА КӨПІР АШЫЛДЫ

Slide Slide Slide Slide Slide Slide Slide Slide Slide Slide Slide Slide

 

 

30 қарашада Атырау облысы, Махамбет ауылында Жайық арқылы өтетін жаңа көпірдің салтанатты ашылуы болды. Оған облыстың қазіргі басшылығынан бөлек, облыстың бұрынғы әкімі, ҚР Мәжілісінің депутаты Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.
Ұзындығы 860 метр және ені 13 метр болатын көпірдің құрылысы 2014 жылы басталып, облыстық және республикалық бюджеттен 9,4 миллиард теңге бөлінді. Бас мердігер – «Атырауинжстрой» ЖШС, құрылысты «Энергомост» ЖШС жүргізді.
Көпір жаңа көлік дәлізін құрып, облыс орталығын кептелістен босатады, мұнай астанасы жолдарындағы, қалааралық тасымалдауға арналған, алыс қашықтыққа баратын ауыр көліктер жүрісінен туындаған, жүктеме азаяды. Енді жүк көліктері Астрахань немесе Оралға Атырауды айналып өтіп өз бағыттарымен баратын болады. Көпір тек өзен жағаларын ғана емес, сонымен қатар өзеннің екі жағындағы 10 ауылдық округтің тұрғындарын да табыстырды, бұл шамамен 40 мың адамды құрайды.

Ляззат ҚАРАЖАНОВА, azh. kz. 

Фото мен бейне Нұрбейбіт НҰГМАНОВТАН алынды

Пікір үстеу

Your email address will not be published.