Азық-түлік себеттері мен сертификаттар қалалық әкімдіктен ұсынылған тізім бойынша көп балалы аналарға, мүгедектерге, жалғызбасты қарияларға ұсынылған болатын.
Ауылдық елді мекен тұрғындары, қозғалысы шектеулі азаматтар мен жалғызбасты қарияларға дайын азық-түлік себеттері жеткізілді. Қалған мұқтаж отбасыларға «Ярмарка» сауда желісінен құны 30000 теңгеге тамақ алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды компанияның жас қызметкерлері апарып берді.
Компания ұжымы барша атыраулықтарды Ораза айтымен құттықтап, әр шаңыраққа береке тілейді!