Атырауда Уәлиханов, Құрманғазы көшелерінде және Бейбарыс даңғылының бірқатар жол телімдерінде қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жұмыс аяқталған соң қандай өзгерістер болады және олардың аяқталуын қашан күтеміз, осы туралы АЖ анықтап берді.
«КОММУНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТПЕН БІРГЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙМЫЗ»
Жұмыс көлемінің көптігіне байланысты, барлық жол телімдері бұл маусымда аяқталмайды, кейбір жерлердегі жөндеу жұмыстары 2020 жылы жалғасады.
Қайта қалпына келтіру жұмыстары, Бейбарыс даңғылындағы жол жабындарын қайта төсеу мен кеңейту бойынша кешенді жұмыстар ғана емес, одан басқа, жиектастарды, жаяужолдарды, бөлу жолақтарын, веложолдарды, сонымен қатар аялдама павильондарын салу және бағдаршамдар мен көше жарықтарын алмастыруды да қарастырады. Жұмыс жобасында жаяу жүргіншілер жүретін жолдарда, балалар арбасы мен тұрғындардың қозғалысы шектеулі тобы ыңғайлы жүріп тұруы үшін пандустар орнату қарастырылған.
Жол жұмыстарымен қатар, жерасты, жерүсті арқылы өтетін барлық коммуникацияларға: газбен, электр энергиясымен, сумен қамтамасыз ету жүйелеріне жөндеу жүргізіліп жатыр. Коммуникация құбырларының орнын ауыстыруды желілер иесінің қадағалауымен, жоба мердігері АИС компаниясы жүргізуде. Жолдарды қайта салу жобасын дайындау кезінде барлық коммуналдық қызметтердің техникалық жағдайы ескерілді. Мысалы, жылу жүйелерін бағыттау және төсеу әдісі «Атырау жылу жүйелері» АҚ қызметімен келісілді. Жол мен жылу жүйесінің түйіскен жерін пластикалық гильзамен жер астында орнатады, бұл, қажет болған жағдайда, көлік жолдарын бұзбай құбырларды ауыстыруға мүмкіндік береді.
— Тозығы жеткен желілердің орнын ауыстыру, оларды жаңарту қажеттілігі жұмыс мерзіміне айтарлықтай әсер етеді, іс жүзінде кейбір нысандарда бұл жұмыстар әлі күнге дейін жүргізілуде. Ал біздер, жерасты жұмыстары бітпейінше, жерүсті жұмыстарын бастай алмаймыз. Кейін көрінген сылтау айтып, төселген асфальтты бүлдірмеу үшін, жобалаушылардың бізге қойған бұл талабы дұрыс. Сондықтанда тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз. Бұндай ауқымды жұмыстар екі онжылдықта бір рет жасалынады, және оларды орындау барысында уақытша қолайсыздықтардан қашып құтылу мүмкін емес – деді “Атырауинжстрой” ЖШС нің бас директоры Әділбек Нұрлығожиев.
ҚҰРМАНҒАЗЫ КӨШЕСІ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?
Осы көшедегі автокөліктердің белсенді ағымын ескере отырып, көліктер жүктемесінің деңгейіне байланысты — жолақтар санын 2 ден 6-ға дейін кеңейтіп, жолдардың өткізу қабілетін айтарлықтай өсіру жоспарланып отыр. Ең үлкен көлік ағыны Көктем базарынан өтпежолға дейінгі аралықта байқалады — ол жерде 6 жолақ болады. Орталықта, қарама – қарсы жолақтардың арасына Сәтпаев даңғылындағы сияқты металлдан жасалған қорғағыш қоршаулары бар бөлу жолағы салынады. Бөлу жолағының бойына көше жарықтандыратын діңгектер орнатылады. Құрманғазы — Бейбарыс жол торабының бойына бағдаршамға тәуелді емес, оң жақ съездер (бұрылыстар) қарастырылған. Құрманғазы көшесінде жалпы ұзындығы 4,050 шақырымды құрайтын үш жол телімін қалпына келтіру жоспарланған. Жүретін жолдың екі жақ бетіне күрделі жол төсемесін төсеуден басқа, жол телімдерінің барлық бойына жаяужолдар салынып, жарық орнатылады.
Ашық және жабық түрдегі павильондары бар 9 автобус аялдамасы орнатылады. Жоба бойынша, қалпына келтіру мен кеңейту бойынша жұмыстар, облыстық балалар ауруханасы маңындағы Жайвқ өзені жағалауынан бастап Адмирал Владимирский көшесі бойындағы бағдаршамға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл жол телімі жобада Шағала-Жастар жол телімі деп аталады. Бұл жұмыстар жасалынып бітті, осы жол теліміндегі жол төсемінің барлық құрылымы салынып болды, жаяужолдарды салу бойынша жұмыстар әлі жүріп жатыр, бірақ, көлік қозғалысы ашық. Қазір (Авангард көшесіндегі соңғы аялдама маңындағы) жол торабынан Көктем базары маңы жол торабындағы бағдаршамға дейінгі жол телімінде жұмыстар жүргізілуде, әрі қарай базардан Мостовой көпіріне дейін (Құрманғазы — Бейбарыс қиылысы) қалпына келтіруге жататын жол телімдері бар Құрманғазы көшесіне шығатын жол.
— Көктем базарының қиылысы мен Сәтпаев көшесінің үстіндегі өткелге дейінгі жол телімін оқу жылының басында пайдалануға беру жоспарланған болатын. Бірақ бұл жол телімінің тапсыру мерзімі тек АИС-қа ғана байланысты емес. Бұл аумақта ауыстыруды қажет ететін «Атырау Су Арнасы» МКК-ның ауырлық күші бар коллекторы орналасқан. Біз осы жұмысты аяқтағаннан кейін ғана жол төсемін төсей аламыз. Біздің міндеттемелеріміз бойынша осында жоспарланған қалған барлық жұмыстар аяқталды», – деді Нұрлыгожиев. Қыркүйек айында жол салушылар Сәтпаев көшесіндегі (оны жаңарту жобада қарастырылмаған — З. И.) көпір өткелінен солтүстікке қарай Мостовой көпіріне дейінгі жұмыстарды жалғастырады. Бұл жерде жүріс бөлігін 4 жолаққа дейін кеңейту, ені 1,5 метр болатын жаяужолдарға төсем тастар төсеу жоспарланған.
БЕЙБАРЫС ДАҢҒЫЛЫНДА ВЕЛОЖОЛДАР ПАЙДА БОЛАДЫ
Бейбарыс даңғылы – қайта салынып жатқан нысандардың ішінде велосипедтер жолдары салынған жалғыз нысан болады, сонымен қоса, веложолдар жол төсемінің екі жақ бетінде де салынады. Биыл теміржол вокзалынан Құрманғазы көшесімен қиылысатын даңғылға дейінгі жол телімін қайта қалпына келтіру жоспарланып отыр. Жоба даңғылдың екі учаскесін және Мостовой каналы арқылы өтетін көпірді қалпына келтіруді қарастырады, жол төсемінің жалпы ұзындығы 10 шақырымнан асады. Бұл аудандарда павильондары бар 21 автобус аялдамасы орнатылады.
Мұндағы жүретін жол бөлігіндегі еріген қар суы мен жаңбыр суын ағызу мәселесі, бойлық және көлденең еңістерді салу көмегімен қамтамасыз етіледі. Бөлетін жолақтар бар жерлерде суды жинау және шығару арық науалары арқылы жүзеге асады. Бүгінгі таңда Баймұхановтан Еркіновке дейінгі көшелерде жол төсемдері (Дина ауданында) төселді, ал 15 тамызда бұл жол телімі көліктердің жүруіне ашық болады.
УӘЛИХАНОВ БОЙЫНДАҒЫ МЕКТЕП МАҢЫНДА — КӨЛІКТҰРАҒЫ
Уәлиханов көшесінде жалпы ұзындығы 2346 шақырым болатын – Махамбеттен бастап Канцев көшесінің қиылысына дейін және Канцевтен Сырым Датовқа дейінгі 2 жол телімі қайта жаңартылуда. Жүріс бөлігі 4 жолаққа дейін кеңейеді. Уәлиханов көшесі Махамбет көшесімен жалғасатын жол телімінде – Махамбеттен Уәлихановқа және Уәлихановтан Махамбетке симметриялы салынған, бағдаршамға тәуелсіз 2 оң жақ съездін салады.
Осы көше бойындағы жаяу жүргіншілерге арналған жаяужолдарға төсем тастар төселетін болады. Уәлиханов бойына ашық түрдегі 2 аялдама павильонын орнату қарастырылған. Қайта қалпына келтіру аясында № 9 мектептің жанында 50 орындық автотұрағы болады. Осы жол телімдеріндегі жұмыстардың аяқталуы оқу жылының басына жоспарланып отыр.
ОТЫРҒЫЗҒАНЫМЫЗ, КЕСКЕНІМІЗДЕН АЗ БОЛМАЙДЫ
Көшелерді кеңейту кезінде ағаштарды кесу мәселесінен айналып өтіп кете алмадық.
– Өкінішке орай, кеңейту аймағында жасыл алқаптар бар болып шықты. Алдағы отырғызу кезеңінде көшет қорын қалпына келтіру арқылы ағашты кесу жобада қарастырылған. Біздің қаламызда ағаш кесу көрінісіне ешқандай да адам ризашылық білдірмейді. Қайта қалпына келтіру жұмыстары басталар алдында, тапсырыс берушімен және ағаштарды кесу және отырғызу жұмыстарын атқаратын «Жасыл Атырау» компаниясымен бірге ағаштарды көшіру бойынша тәжірибе жүргізіп көрдік. Көктем кезінде-ақ біз 20 ағашты қазып, басқа жерге көшіріп, суарып, күтіп-баптадық. Өкінішке орай, ағаштар жаңа жерде тамыр жаймады – дейді AИС өкілі.
– Біз жоба аясынан шықпай, ағаштарды мүмкіндігінше сақтауға тырысамыз.
Мәселен, Уәлиханов көшесінің Датов көшесімен жалғасатын жол телімін жартылай өзгерту арқылы, жеке жер телімдерінің иелері отырғызған жетілген ағаштары бар шағын аралшықты сақтап қалдық. Сонымен қатар, біз Бейбарыс даңғылы бойындағы бөлу жолағындағы ағаштардың бір бөлігін сақтап қалу үшін ымыралы шешім таба алдық. Біз болашақта осы стратегияны ұстанатын боламыз.
Бұл көшелерді кеңейту жобасы 3 мыңнан астам әр түрлі жасыл алқаптарды отырғызуды көздейді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА, azh. kz.
Фото автордан