Enter your keyword

АТЫРАУДА  ЖОЛДАРДЫ АСФАЛЬТТАУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ. НЕ ЖАСАЛЫНДЫ ЖӘНЕ НЕ ЖАСАЛЫНАДЫ?

АТЫРАУДА ЖОЛДАРДЫ АСФАЛЬТТАУ БОЙЫНША АУҚЫМДЫ ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ. НЕ ЖАСАЛЫНДЫ ЖӘНЕ НЕ ЖАСАЛЫНАДЫ?

Фото сайттан алынған https://lubertsyriamo.ru/

Қалпына келтіру бойынша жұмыстар өткен жылы басталған еді.

Басында жөндеу жұмыстары атыраулықтарға көптеген қолайсыздықтар туғызды. Енді тұрғындар жолдар мен жаяу жүргінші жолдарының түбегейлі өзгергеніне дән риза, көшелер айтарлықтай кеңейтілген
Атырау қаласы әкімшілігінің мәліметтеріне сүйенсек, қалалық және ауылдық жерлердегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 1593,6 шақырымды құрайды.

Оның 1356,9 шақырымы толықтай асфальтталды. Осылайша, қалалық әкімшіліктің ақпарат қызметі – қалпына келтіру жұмыстарынан кейінгі автомобиль жолдарының үлесі 85% құрайды – деп хабарлайды. Қалған 236,7 шақырымды жақын күндері асфальттау жоспарлануда.

Қала сыртындағы жолдарды да жаңартады.

 

Былтыр Атырау қаласының және оның маңайындағы ауылдық округтердің көлік инфрақұрылымын дамыту аясында 268 көшеге екіжүз шақырымнан астам жолдар төселінді.

Қаладағы танымал стилист Гүлнәр Шубукова күн сайын қала маңындағы Ақжар ауылынан қалаға дейін автокөлігімен жолға шығады.
– Ақырында жол төселді! – деп қуанады Гүлнәр. – Машинаға енді күш салып қажет емес, өздігінен ұшатын болды! Қаланың өзінде автомобиль жолдарын кеңейтумен біріңғай айналыса бастады – бұл істі бұрыннан қолға алу керек еді. Мен тұратын – қала маңындағы Ақжарда – асфальт тамаша, жолдарды кеңейтті, жаяу жүргіншілер жолын жасады – жаңа ықшам аудан одан сайын көркейе түсті. Сөзбен айтқанда, билік жаяу жүргіншілер үшін де, автокөлік жүргізушілері үшін де тырысып баққан.

Қалалық әкімшілік, биылғы жылы Атырау қаласының ұзындығы 37,4 шақырым 11 көшесіндегі көлік жолдарын қалпына келтіру бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді деп хабарлайды. Жалпы ұзындығы 102,24 шақырымды құрайтын 97 көшеде көлік жолдарын салу жоспарланған. Бүгінгі күні оның 33,3 шақырымы асфальтталған.

“Атырауинжстрой” компаниясы Атырау қаласындағы Құрманғазы, Уәлиханов көшелерін және Бейбарыс даңғылын қалпына келтіру жөніндегі ірі жобаларға мердігер ретінде қатысады. Сонымен қатар, компания қала маңындағы Атырау-1, Ақжар-2, Жаңаталап-1, Индер, Есбол, Елтай, Махамбет, Береке ауылдарындағы жолдарды салумен айналысады. Компания жобаларды жүзеге асыру аясында барлығы 80 шақырымнан астам асфальтбетон жабынын төсейді.

Атырауда жаңа жиектастар және веложолдар пайда болады

“Атырауинжстрой” ақпараттық кызметінің ақпараты бойынша, бүгінгі күні Бейбарыс даңғылындағы жүретін жолдар бөлігін кеңейту, жиектастарды, су ағатын астаушаларды салу, жаяужолдар мен веложолдарды салу бойынша ауқымды жұмыстар аяқталуға таяп қалды. Балғымбаев көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі, біржақты Бейбарыс даңғылының оң жақ бетінде жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл бөлік аяқталған соң, жұмыстар сол жаққа көшеді.

Атыраудың ең адам көп шоғырланған көшесі – Уәлиханов атындағы көшедегі жұмыстар аяқталуға жақын; бүгін Сырым Датов көшесінен Махамбет көшесіне дейінгі қалпына келтірілген жол телімдері өту үшін ашық. Бір аптадан соң Махамбет көшесінен Азаттық даңғылына дейінгі жол теліміндегі жол қозғалысы қайта басталады.

 

Жұмыстардың келесі кезеңі, Азаттық көшесінен Жайық өзені жағалауларына дейінгі жол телімдеріне ауысады.

  • Облыстық балалар ауруханасы маңындағы жағалаудан Құлманов көшесіне (Сәтпаев көшесіндегі жер үсті жаяу өтпе жолын қоса алғанда) дейінгі жол телімдерін қалпына келтіру және кеңейту жұмыстарынан кейін Құрманғазы көшесіндегі көлік қозғалысы толығымен қалпына келтірілді
  • Бейбарыс даңғылымен қиылысқан тұсқа дейінгі Құрманғазы көшесінің жолдары да жоба аясында қалпына келтіру және кеңейтуге жатады
  • Бүгін Ғұмаров көшесіндегі жиектастар мен су ағатын астаушаларды монтаждау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл жол теліміндегі кеңейтулер 2 метрді құрайды: бұрын жүретін жолдардың ені 11 метр болса, жөндеуден кейін 13 метрге дейін кеңейеді.

Жөндеу жұмыстарын біртіндеп 2020 жылға қалдырады.

Жұмыс көлемінің көптігіне байланысты, барлық жол телімдері бұл маусымда аяқталмайды, кейбір жерлердегі жөндеу жұмыстары 2020 жылы жалғасады.
Негізінде, қайта қалпына келтіру – ол Бейбарыс даңғылындағы жол жабындарын қайта төсеу мен кеңейту бойынша кешенді жұмыстар ғана емес, одан басқа, жиектастарды, жаяужолдарды, бөлу жолақтарын, веложолдарды, сонымен қатар аялдама павильондарын салу және бағдаршамдар мен көше жарықтарын алмастыру.

Айта кетсек, жол жұмыстарымен қатар жерасты, жерүсті арқылы өтетін барлық коммуникацияларға: газбен, тоқпен, сумен қамтамасыз ету жүйелеріне де жөндеу жүргізіледі, сонымен қатар олардың орны ауыстырылады. Көлік жолдарын қалпына келтірудегі ең қиын жұмыс -осы.

– Тозығы жеткен желілердің орнын ауыстыру, оларды жаңарту қажеттілігі жұмыстың мерзіміне айтарлықтай әсер етеді, іс жүзінде кейбір нысандарда бұл жұмыстар әлі күнге дейін жүргізілуде. Ал біздер, жерасты жұмыстары бітпейінше, жерүсті жұмыстарын бастай алмаймыз. Кейін көрінген сылтау айтып, төселген асфальтты бүлдірмеу үшін, жобалаушылардың бізге қойған бұл талабы дұрыс. Сондықтанда Атырау тұрғындарын бұл іске түсіністікпен қарауға шақырамыз – деді “Атырауинжстрой” ақпарат қызметі.

Бейбарыс атындағы даңғылды – темір жол вокзалынан әуежайға дейін және Мостовой арнасы арқылы өтетін көпірді түгелімен қалпына келтіру қарастырылып отыр. Ағымдағы жылы темір жол вокзалынан Бейбарыс даңғылының Құрманғазы көшесімен қиылысына дейінгі жол телімдерін қалпына келтіру жоспарланып отыр. Даңғыл бойындағы төсемнің жалпы ұзындығы – 10 шақырымнан артық.

Фото “Атырауинжстрой” ЖШС-нің ақпараттық қызметімен берілген /Фото Жанарыс Ізтілеуовадан алынды

Мұнай астанасында асфальттау бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

https://informburo.kz/

Ляззат ҚАРАЖАНОВА, azh. kz. 

Фото және бейне Нұрбейбіт НҰҒМАНОВТАН АЛЫНДЫ

Пікір үстеу

Your email address will not be published.