Қызылқоға ауданы Жасқайрат ауылының тұрғындары Атырауинжстрой қызметкерлерінің су тасқынымен күресудегі еңбегін атап өтті.
Есенжол мен Айдаралиев Ғизатоллаға алғыс хаттар табыс етілді. Өз міндетіне жоғары жауапкершілікпен қарағаны үшін тұрғындар экскаваторшы Есенжолға арғымақ сыйлады. Екі ұл тәрбиелеп отырған Есенжол 2021 жылдан бері «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-де экскаватор машинисі болып жұмыс істейді. Есенжол компаниядағы әріптестерімен бірге су тасқынының алдын алудағы жұмысын Индер ауданында жалғастырмақшы. Елім деген ерлердің абыройы биік, несібесі мол болсын!
Су тасқыны барлығымызға ортақ мәселе.
Өңірге көмек қолын созған өзге компаниялар қатарында «Атырауинжстрой-АИС» мекемесі гуманитарлық көмек жеткізді. Атыраулық гуманитарлық штабқа Алматы қаласынан арнайы жеткізілген азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиелген фургон да келіп жетті. Компания халықпен бірге, күшіміз бірлікте! https://fb.watch/u47cxQns4I/
Табиғат апатына қарсы тұруға біздің күшіміз-бірлестікте
Дәл үйлестірілген әрекеттер мен жедел қолдаудың арқасында бір тәулік ішінде қалаға бөгеттерді нығайту үшін 45 мың қап Алматыдан жеткізе алдық. «Атырауинжстрой» компаниясы атынан Азаматтық Авиация Комитеті төрағасы Салтанат Томпиева және Эйр Астана авиакомпаниясына көмек көрсеткені үшін алғыс білдіреміз. 30 мың қап қалалық су тасқынына қарсы штабқа тапсырылды. Қалған қаптарды біздің компания жауап беретін учаскедегі – […]
Атырау облысы Индер ауданы Өрлік ауылындағы ауылішілік жолды және жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.
Өрліктегі 24 көшенің 19-ына асфальт төселген. Ұзындығы 10,8 шақырымды құрайтын автокөлік жолының ені 3,5 метрден 6 метрге дейін жетеді. Ал жаяу жүргінші жолдарының ұзындығы 19,7 шақырымды құрайды. Бүгінгі таңда жол белгілері мен жол төсемінің тұрақтылығын арттыратын жол жиектерін орнату жұмыстары жүргізілуде. Жол құрылысына 24 жұмысшы мен 12 арнайы техника жұмылдырылған. Тапсырыс берушімен жасалған келісімшарт негізінде […]
Азаттық даңғылын қайта жаңғырту барысында биылғы жылға жоспарланған
705 метр жолды салу жұмыстары аяқталды. Жол төсемі 4 жолақты, жүріс бөлігінің ені 15,5 м. Жолдың екі жағынан жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған.
Атырауда жолдағы ағымдағы жөндеу жұмыстары 44 мың шаршы метр аумақта жүргізілді
Елде қалыптасқан құрылыс материалдары мен битумның тапшылығына қарамастан «Атырауинжстрой» компаниясы бекітілген жұмыс көлемін мерзімінде аяқтады. Ауа райының қолайлылығын ескере отырып жол ойықтарын ағымдағы жөндеу жұмыстары күзде жалғасты. А Құнанбаев, Берғалиев, Құттығай батыр, айналма жол мен Қабдолов көшелеріндегі шұңқырлар қалыпқа келтіріліп, жол қозғалысы қатысушыларының арасында апаттың алдын алуға бағытталған жұмыс жоспарлы атқарылды.
Доссор ауылындағы жолдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда.
Биыл ұзындығы 11,7 шақырымды құрайтын 34 көшеге асфальт төселді. Жоба аясында инженерлік коммуникация желілеріне қатысты кешенді жұмыс жасалды: газбен қамту жүйесінің 140 құбыры жол төсемдерінің астына көшірілсе, 72 су құбыры мен кәріз желілері қиылыстарына қатысты да жер асты жұмыстары атқарылды. Қазіргі уақытта ұзындығы 3,6 шақырымды құрайтын аумақта автокөлік жолының қиыршық тас-құм қоспасынан түзілген қабатын салу […]
28 қазанда ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау мақсатында сайлаушылармен республикалық және облыстық қоғамдық штаб мүшелерінің үгіт-насихат кездесулері басталды.
Атырау облыстық қоғамдық штабының өкілдері, «Аманат» партиясынан облыстық және қалалық мәслихат депутаттары М.Әбуов, А.Семгалиев, Ж.Әбілқарес, Г. Сағындықов, А. Мақсотұлы 2 қарашада «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Депутаттар, президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: Барлығы және әрқайсысы үшін. Қазір және мәңгі», сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Кездесуде сайлау алдындағы бағдарламада көрсетілген бизнестегі бюрократиялық қысымды төмендету […]
Ж.Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған лицей 30 жылдық мерейтойын атап өтті.
Қалада танымал білім ордасы лайықты құрметке ие – мектептен мыңдаған дарынды, жоғары білімді ұрпақ түлеп ұшты. Біздің түлектеріміздің 100%-ы жыл сайын жоғары оқу орындарына түседі, әдетте олар грант бойынша оқиды. Биыл үшеуі Канада университетіне, төртеуі Түркияға түсті, үшеуі Италия университеттерінің грантына ие болды, – дейді лицей директоры Салауат Сайлауов. Жылдар өткен сайын лицейдің материалдық-техникалық базасы […]
Атырауда қала халқы тығыз шоғырланған мөлтек аудандардың бірінде кәсіпкерлер мен тұрғындар автокөлік жолының ашылуын асыға күтті.
С.Датов көшесінің Баймұханов-Абдрахманов аралағындағы бөлшегінде құрылыс 2022 жылдың шілде – қыркүйек айлары аралығында жүргізілді. Облыс орталығындағы жолдарды жаңғырту жұмыстары аясында салынған жолдың бір бөлігі бүгін пайдалануға берілді. Қазір жолдың келесі бөлігінде құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Сарытоғай ауылында 2021 жылдың тамыз айында басталған жол құрылысы жұмыстары жалғасуда.
Бүгінгі таңда жоба бойынша жоспарланған 22 көшенің 18-де құрылыс жұмыстары аяқталған. Ауылға салынатын автокөлік жолдарының ені 4,5 метрден бастап 6 метрге дейін болса, жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Жобалау құжаттарына сәйкес 7 көшедегі автокөлік жолдарының бір жиегіне жаяу жүргінші жолдары қаралған, олар төсемтастардан жасалады. Сондай-ақ, жаңа көшелер жарықтандыруға қажетті 50 тірек бағаналарымен қамтамасыз етіледі. Асфальт […]
Сырым Датов көшесін қайта құрылымдау жұмыстары жалғасуда
Биылғы құрылыс маусымында тапсырыс беруші бөлген қаржы көлеміне сай Баймұханов көшесінен бастап Исмағұлов көшесіне дейінгі аралықтағы 800 метр аумақ жөнделеді. Құрылыс жұмыстарын қараша айының соңына дейін аяқтау көзделген. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығына ең алдымен ескі жер асты желілерін алмастыру және жаңарту жұмыстары әсер етуде. Монополист мекемелер аталған аумақта орналасқан ірі құбырлар мен желілерді алмастыруды жосарлап отыр. […]
Қала іргесіндегі Еркінқала ауылдық округінің «Балауса» шағын ауданында көптен күткен жолды салу сәуір айында басталған болатын.
Бұл жұмыс биылғы құрылыс маусымы аяқталғанға дейін жүргізіледі. Екі жолақты жолдың ені жоба бойынша 6 метр, жолдың бір жақ қапталында ені бір метр болатын жаяу жүргіншілер жолы қарастырылған. Құрылыс барысында асфальт жабындысының төзімділігін жақсарту үшін сапалы геотор пайдаланылуда. Жол салу жұмыстары бекітілген кестеге сай жүріп жатыр, бүгінгі күні 4000 желілік метр ірі түйіршікті асфальт төселген. […]
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Атырауинжстрой – АИС» ұжымында компания қызметкерлерінің балаларына арналған мерекелік шара өтті.
Іс-шара барысында қонақтардың көңілін көтеру үшін арнайы шақыртылған аниматорлар өнер көрсетіп, қызықты ойындар ойнатты. Балалар тәтті және ыссы тістемелерден дәм татып, мультфильм кейіпкерлерімен бірге естелікке суретке түсті. Қызықты әсерге бөленген балалар өздерінің қиялындағы суреттерді асфальтқа таңбалап, естелік сыйлықтарын алып, жоғары көңіл күйде тарасты.
Қасиетті Рамазан айында «Атырауинжстрой» компаниясы мұқтаж отбасыларға арнап қайырымдылық акциясын өткізді.
Азық-түлік себеттері мен сертификаттар қалалық әкімдіктен ұсынылған тізім бойынша көп балалы аналарға, мүгедектерге, жалғызбасты қарияларға ұсынылған болатын. Ауылдық елді мекен тұрғындары, қозғалысы шектеулі азаматтар мен жалғызбасты қарияларға дайын азық-түлік себеттері жеткізілді. Қалған мұқтаж отбасыларға «Ярмарка» сауда желісінен құны 30000 теңгеге тамақ алуға мүмкіндік беретін сертификаттарды компанияның жас қызметкерлері апарып берді. Компания ұжымы барша атыраулықтарды Ораза айтымен […]
Қала жолдарындағы 25 мың шаршы метр аумақ жөнделді
«Атырауинжстрой» ЖШС облыс орталығындағы жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстарын аяқтады. Компания келісімшерт бойынша 11 айға бекітілген қызмет ауқымын күзге жеткізбей аяқтады. Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, ЖК АЖ бөлімі берген техникалық сипаттамада қала көшелеріндегі 25000 шаршы метр аумаққа ағымдағы жамау жұмыстары жүргізілуі тиіс болатын. Мердігер мекеме жұмысты 50 көшеде атқарды. Жұмыс ауқымының жеделдетіліп жүргізілгеніне қарамастан әлеуметтік […]
С. Оразбаевтың ұжыммен кездесу
2022 жылғы 5 мамырда «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС кеңсесінде «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС тең құрылтайшысы Серік Есеркепұлы Оразбаев пен компаниясының құрылтайшылар кеңесінің төрағасы Владимир Иванович Пак кәсіпорын ұжымымен кездесті. Кездесуге қатысты: – Исмагулов Евгений Жумагалиевич – «Алматыинжстрой» АҚ атқарушы директоры; – Абдығапаров Эрик Алмабекұлы- «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС Қапшағай қаласындағы филиалының директоры; – Жұмағалиев Ербол Қалибекұлы – «Сарыарқа «Алматыинжстрой» АҚ Нұр-сұлтан […]